1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда тағы 4 әуежай Ashyq-қа қосылады 24 мамыр 2021, 17:18

Шымкент, Түркістан, Ақтау және Костанай әуежайларына кіру Ashyq қосымшасы арқылы болады. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шымкент, Түркістан, Ақтау және Костанай әуежайларына кіру Ashyq қосымшасы арқылы болады. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары Ashyq бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір құрылған осы процестер мысалында Ashyq-ты басқа нысандарда қолдануға мүмкіндік бар", - деді Юлия Якупбаева ОКҚ брифингінде.

Ол жақында "Астана-Арена" стадионында көрермен қатысқан футбол матчы өткенін айтты. Бұл карантин шектеулері басталғаннан бергі алғашқы ауқымды шара. Онда шамамен 6 мың адам жиналған, "сары" мәртебесі бар бір адам анықталды.

"Егер процесті толық теңгере алсақ, бұл тәжірибені басқа ареналарға тарата аламыз, тіпті келушілерді 20-30 пайызға дейін көбейтеміз деп үміттенеміз.

Демалыс күндері бас санитария дәрігердің қаулысы шықты (...) бизнеске қосымша бойынша жұмыс істеу әлдеқайда оңай болды. Ashyq бойынша жұмыс істемейтін басқа нысандар бойынша өңірлерде қойылатын талап әртүрлі болады. Санитария дәрігердің қаулысына кесте бойынша: Шымкент, Түркістан, Ақтау, Қостанай әуежайлары (...)", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram