07 маусым 2015 | 13:02

Қазақстанда таяу күндері ыстық ауа райы сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы екі күнде ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Республиканың тек солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтіледі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алдағы екі күнде ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Республиканың тек солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға ауысатын суық атмосфералық фронттар апта соңында республиканың барлық дерлік аумағында найзағайлы жаңбыр және екпінді жел шақырады. Фронттар өзімен бірге тек жаңбыр ғана емес, сонымен қатар температураның төмендеуін тудырады. Батыс және солтүстік облыстарда күндізгі температура +20-28º дейін төмендейді. Қалған аумақта ыстық ауа-райы әлі сақталады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін синоптиктер маусым айының ауа райы болжамын жариялаған болатын. Айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады. жауын-шашынның айлық көрсеткіші республиканың көп аумағында нормадан жоғары болуы мүмкін, ал Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады. Айдың ортасы мен соңында температураның төмендеуі күтіліп отыр. "Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында күн салқындайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети