Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды Иллюстрациялық сурет: pixabay

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол үшін барлық телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" ұлттық операторына сілтеме жасап.


"Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2022 жылдың 20 сәуірі сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін айта кетейік.

"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - ұлттық оператор өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +27
Атырау +29
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +26
П
Павлодар +21
Петропавл +32
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +25
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер