Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді

02 Қыркүйек 2016, 13:06
0
Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді - © freenavi.co.jp
© freenavi.co.jp

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеңіз, немесе радикалды топтардың адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаңыз, не болмаса оның куәгері болсаңыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеңіз, "110" номеріне хабарласыңыздар. Осы номер бойынша Қазақстанның кез келген аймағынан келіп түскен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігі жергілікті жерлерде терроризмге қарсы "қауырт"желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Ведомстводағылардың мәліметінше, қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және "Beeline" мобильді операторының номерлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Ал басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай