11 мамыр 2020 00:04

Қазақстанда ТЖ режимі аяқталды, бірақ карантин сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан аумағында коронавирус жағдайына байланысты 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутта аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан аумағында коронавирус жағдайына байланысты 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутта аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы Төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойған. Осылайша, Жарлыққа сәйкес ТЖ режимі аяқталады.

Дүйсенбі, 11 мамырда Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Президент коронавирус жағайына қатысты шараларды бағалап, Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың одан арғы іс-қимылдарының стратегиясын айқындайды.

Алайда, ТЖ режимін алып тастауға қарамастан, қалалар мен өңірлерде карантин 11 мамырдан кейін де жалғасады. Осылайша, карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады.

Карантин режиміне байланысты шаралар төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін сақталатынын бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та еске салған еді.

"Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Азаматтарымыз қалыпты өмірге біртіндеп оралады деп үміттенемін. Бізде ұзақ мерзімді стратегиялық даму жолы бар", - деген еді Тоқаев.

10 мамырдағы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 090 жағдайы расталды. 1941 адам сауығып, 31 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети