Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады: Ұлттық банк мерзімін атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады: Ұлттық банк мерзімін атады Фото ©️ Турар Казангапов

Қазақстанда ескі банкноттарды жаңа үлгідегі купюраларға ауыстыру жалғасып жатыр. Ұлттық банк 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік ескі банкноттардың параллель айналымнан шығатын мерзімдерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар екені айтылды. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:

  • 2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;
  • 10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
  • 1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды.

"Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, барлық банктер мен "Қазпошта" ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегілеріне 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз", – деп нақтылады Ұлттық банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +26
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +23
П
Павлодар +18
Петропавл +24
С
Семей +23
Т
Талдықорған +24
Тараз +30
Түркістан +20
О
Орал +21
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер