22 қазан 2021 14:55

Қазақстанда түбіртек берілмегені туралы хабарлағандарға ақы төленеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстанда "Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясы өтіп жатыр. Касса түбіртек бермегені немесе төлем карта бойынша төлем қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлағандарға сыйақы төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Акция 20 қазанда басталған. Оған кез келген адам қатыса алады. Барлық өтінішті мемлекеттік кірістер органы қарайды.

AppStore және PlayMarket-те ақысыз WIPON CASHBACK мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы түбіртек бермеу немесе төлем картасы бойынша төлем қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлауға болады. Дерек расталған жағдайда телефон балансына сыйақы жіберіледі (жеке табыс салығынсыз 1000 теңге).

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның барлық азаматын "Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Толық ақпаратты мына сілтемедегі видеодан көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети