24 сәуір 2020 12:26

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік дағдарысқа, коронавирус пандемиясы мен теңге девальвациясына қарамастан, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының белсенділігі төмендемеді. Тіпті "карантиндік" наурызда қазақстандықтар 21,6 мың тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесін жасады, бұл былтырғы наурыз айына қарағанда 12,8 пайызға артық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жалпы, бірінші тоқсанда мәміле саны 66,2 мыңнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға артық. Сарапшылардың айтуынша, жылжымайтын мүлік бүгінде тек қарапайым қажеттілік емес, сонымен қатар сенімді инвестиция. Сондықтан тұрғын үйге деген сұраныс жоғары болып қалады.

Теңгенің құнсыздануына қарамастан, жылжымайтын мүлік бағасының өсуі кезінде тұрғын үйге инвестициялау мысалы, валюталық депозитке қарағанда тиімді.

Наурыздың қорытындысы бойынша, жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі бір жыл ішінде 6,8 пайызға, ал мұнай бағасының құлдырауына байланысты доллар бірден 17 пайызға өсті. 

Мысалы, 2019 жылы доллар құнының орташа жылдық динамикасы 10,6 пайызға, ал тұрғын үйдің шаршы метрі 10 пайызға өскен болатын. 10 жылда доллар 2,6 есеге, жылжымайтын мүлік 2,1 есеге қымбаттады. 2001 жылдан бастап доллар бағасы 2,6 есеге, тұрғын үй - бірден 12,4 есеге өсті. Яғни, ұзақ мерзімді пассив инвестиция ретінде Қазақстанда баспанаға ақша салу тартымды ұсыныс.

Бұл ретте үйде өзің тұруға немесе оны жалға беруге болады. Айта кетерлігі, тұрмысқа жайлы тұрғын үйді жалға алу құны да айтарлықтай өсті, тіпті жаңа тұрғын үйді сату бағасынан да жоғары: наурыз қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 9,1 пайызға, жыл басынан бері 4,1 пайызға өткен. Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алудың ең қолжетімді тәсілі - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети