20 қазан 2016 14:35

Қазақстанда туристерге салық салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© World-countries.net © World-countries.net

Қазақстанда туристерге салық салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиға сілтеме жасап.


Қазақстанда туристерге салық салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиға сілтеме жасап.

"Туризм индустриясы департаменті Bed Tax салығын енгізу жұмыстарын жетілдіріп жатыр. Яғни, Bed Tax дегеніміз - туристерге салынатын салық түрі. Біз барлығын есептедік: турист мейманханада тұрақтаған кезде оған 3 пайызға дейінгі көлемде салық салу. Бұл әлемдік тәжірибе. Біз туристің бір күнде орта есеппен 500 теңге қалдыра алатынын санадық. Қазіргі уақытта елімізде 7 миллион турист мейманханада тұрады, сол қаражаттың барлығын туризмді дамытуға жұмсауға болады", - деді Марат Иғали Bnews.kz студиясындағы онлайн-конференция барысында.

Ол туристерге осындай салық түрлерін енгізген Грузияны, Еуропа елдерін, Біріккен Араб Әмірлігін мысал ретінде келтірді.

Сонымен қатар, Марат Иғали Қазақстанға Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Германия азаматтарының көптеп келетінін айтып өтті. Журналистердің Ресейде биыл туристер санының артуы жайлы қойған сұрағына жауап бере отырып, Марат Иғали биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде елімізге 1 миллион 300 мың Ресей азаматының келгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети