25 мамыр 2021 16:17

Қазақстанда учаскелік инспекторларға қандай құқықтар беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда учаскелік полиция инспекторларына жаңа құқықтар беріледі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда учаскелік полиция инспекторларына жаңа құқықтар беріледі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір учаскелік полицияның жаңа бейнесін қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мемлекет басшысы айтқандай, олар қолжетімді, беделді болуы тиіс. Қазір учаскелік полиция қызметкеріне заң жүзінде жеке және заңды тұлғаларға құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу және олардың орындалуын талап ету құқығы беріледі. Оның әкімшілік жаза қолдану бойынша өкілеттіктері кеңейтіліп жатыр", - деді Баймұқашев ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Айтуынша, учаскелік полицейлерге әкімшілік құқықбұзулардың 47 түрі бойынша құзыретінен бөлек, тағы да бірқатар мәселені өз бетінше қарау құқығын беру жоспарланып отыр:

  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы.
  • Темекі өнімдерін тұтынуға қойылған тыйымдарды бұзу.
  • Әкімшілік қадағалауды бұзу.
  • Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау.

ІІМ ӘПК басшысы бұл өзгерістер оларға өз учаскесінде көбірек жүруге, аудандық бөлімшелер басшылығына баруға алаңдамауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

"Қазір заңнамалық тұрғыда учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі де бекітіліп жатыр. Бүгінгі таңда көмекшілерде қылмыстық іс жүргізу шешімдері мен әкімшілік материалдар бойынша негізгі шешімдерді қоспағанда, учаскелік инстпектордың көптеген өкілеті бар. Заңнамалық түзетулерді қабылдау учаскелік институт жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға, оларды екінші кезектегі жұмыстан босатуға және негізгі міндеттерді орындауға, бірінші кезекте халықпен жұмыс істеуге шоғырландыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Қазір Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және "Ішкі істер органдары туралы" заңға түзетулерді Парламент қарап жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда учаскелік полицейлердің жалақысы 30 пайызға өсетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети