29 наурыз 2022 12:57

Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптасты - вице-премьер Тоғжанов

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын неге тегін салуға рұқсат етілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын неге тегін салуға рұқсат етілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін Тоғжанов Қазақстанда 10 миллионнан аса адам вакцина алғанын айтты. Бұл вакцина алуы керек адамдардың 80 пайызы және бүкіл халықтың шамамен 52 пайызы болады.

"Алғашында көптеген өтініш түсті. Бұл мәселеге кезең-кезеңмен келдік. Біріншіден, бұл арнайы топқа (Pfizer вакцинасын салу. - ескерт.) жүргізілді. Олар - шетелге шығатын көпбалалы аналар. Оларға рұқсат бердік. Сонымен қатар, 60 жастан, содан кейін 50 жастан асқандарға біртіндеп рұқсат бердік.

Қазақстанда ұжымдық иммунитет толық қалыптасты. Осыған орай болашақта ұжымдық иммунитетті сақтау үшін азаматтарымызға қосымша Pfizer салу туралы өтініштерді ескеріп, мүмкіндік беруді шештік", - деді Тоғжанов журналистердің сұрақтарына жауап беріп. 

Вице-премьердің пікірінше, маска режимін алып тастауға ерте емес.

"Шағын және орта бизнес субъектілерінің 100 пайызына жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Көрші елдерде инфекция деңгейі әлі төмендеген жоқ. Сондықтан шекарадан өту кезінде шектеулерді алмадық, ол - вакцинация паспорты мен ПТР-сынамасы", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте Ералы Тоғжанов алынған шектеулер вакцинаның жарамдылық мерзіміне байланысты емес екенін айтты.

"Жарамдылық мерзімі кейінгі жеткізілімді ескерсек, шілдені қоса алғанда тамызға дейін", - деп нақтылады премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети