27 қыркүйек 2016 17:12

Қазақстанда Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Қазақстанда 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеудің басталғаны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеудің басталғаны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Барлығы 3 мың адамды іріктеу жоспарланған. Универсиада кезінде еріктілер 30 функционалды бағытта қызмет атқарып, Алматыға келген спортшыларға, бапкерлерге, делегаттарға және туристтерге қажетті қызметті ұсынады. 

"Универсиадаға дайындық барысында еріктілер тренингтерден өтіп қана қоймай, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиетін дамыту үшін түрлі командалық ойындар, спорттық нысандарда квестер ұйымдастырамыз. Еріктілерді тартуда бізге қазақстандық актерлар мен шоу-бизнес өкілдері көмектесуде", - деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Камила Лұқпанова.
Дирекция мәліметінше, 2017 жылғы Универсиадаға әсіресе, Ресей, Германия, Беларусь, Польша, Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Қырғызстаннан халықаралық еріктілер қызығушылық танытуда.

"2017 жылғы Универсиада кезінде 100 халықаралық еріктіні жұмылдыруды жоспарлаудамыз. Олардың барлығы кез келген ауа райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен, қалада көлікпен еркін жүруге мүмкіндік алады. Эстафета Алауын іске асыруда біз барлық халықаралық еріктілермен, өңірлердегі белсенділермен тығыз байланыстамыз. Ерікті болғысы келетін кез келген адам almaty2017.com сайтына кіріп, сауалнама толтыра алады", - деп атап өтті Камила Лұқпанова.

Айта кетейік, осыған дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қосымша 1500 еріктінің іріктелетіні жайлы айтылған болатын. Яғни, ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3 мың еріктілер қатарына тағы да 1 500 қосылатын болады. Ұлттық компанияда түсіндіргендей, мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.  

Тағы бір себеп - қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар, кейбір мамандардың пікірінше қатысушылар санының ұлғаятындығы келтірілуде. "Алғашқы тестілеуді ЖОО студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады", - деп нақтылады компаниядағылар.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 еріктісі қатарына 18 толған, алайда 80-нен аспаған кез-келген адам қосыла алады. Талаптардың тағы бірі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Мәдени іс-шараларда қатысуы құпталады. Жалпы, 2017 жылға қарай 4500-ден аса еріктілерді тарту жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети