05 мамыр 2021 12:18

Қазақстанда үшінші вакцина 6 мамырдан бастап салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты", - деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қала тұрғындары препаратты өз қалауы бойынша таңдай алады, ал вакцинация ерікті түрде жүргізіле береді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинациялау үшін үш вакцина барын мәлімдеген болатын. Олар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети