30 қараша 2021 12:57

Қазақстанда үйдегі карантинге кімдер жіберіледі?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов кімдер 7 күндік карантинге жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов кімдер 7 күндік карантинге жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконгтан келген шетелдіктерге Қазақстанға кіру мүмкіндігі шектеулі болатыны хабарланды.

"11 елден келуді шектеудің бірінші тармағы бойынша, негізінен, Африка елдері мен Гонконгтан келгендерге шектеу болады, бұл сол елдердің азаматтары Қазақстанға жіберілмейтінін білдіреді. Қазақстандықтар жасыл мәртебесі болғанына қарамастан, кіреберісте ПТР-тест тапсыруы тиіс. Теріс ПТР тестіне қарамастан, халықты қорғауды қамтамасыз ету және одан ары аурудың таралуының алдын алу үшін бәрі 7 күндік карантинге жіберіледі", - деді Шоранов.

Шоранов ПТР-тест бойынша теріс нәтижесі бар қазақстандықтар 7 күндік үйдегі карантинге жіберілетінін айтты.  

"Қазақстанға кірген кезде тест нәтижесі теріс болса, онда ол үйдегі карантинге жіберіледі. Ондай адамды ауруханаға жатқыза алмаймыз. Бірінші кезекте азаматтар саналы түрде 7 күндік карантин ережелерін сақтауы керек.

Бұл үшін бюджет есебінен қаражат қажет емес, бірақ емханалар қашықтықтан қызмет көрсету және мобильді бригадалар аясында қажет болған жағдайда қадағалайтын болады. Аумақтық департаменттер тізімдерді Денсаулық сақтау басқармаларына береді. Өз кезегінде емханаларға және сол азаматтарда ауру белгілері пайда болған жағдайда оларға бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі", - деп түсіндірді Шоранов.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа "омикрон" штамы жастарға әсер етеді.

"Коронавируспен екі жылға жуық өмір сүру бұл вирус әлемнің бір нүктесінен екіншісіне 24 сағат ішінде таралуы мүмкін екенін үйретті. Сондықтан уақтылы жедел шаралар қабылдау өте маңызды. Әрине, бәлкім, 100 пайыз деңгейде Қазақстан осы штамның пайда болуынан қорғалмаған шығар, бірақ осы вирустың бір сәтте таралуын барынша азайту үшін барлық шараны қолдануымыз керек.

Бұл вирустың салдары, жастардың осы вирусқа бейім екені туралы ақпарат бар, менің ойымша, әлемдегі ғалымдар бұл мәселемен айналысады. ДДСҰ өзінің барлық ресурсын қосты. Жақын арада, бір ай ішінде бұл штамм туралы толық ақпарат болады", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети