1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда ұзын өзендердің бірі жойылып барады17 қыркүйек 2020, 08:00

© ktk.kz © ktk.kz

Ақтөбе облысында Ойыл өзені жойылып барады. Бұрын суы толып ағатын өзен батпаққа айналды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрын Ойыл өзені Қазақстандағы ұзын өзендердің ондығына енетін. Бірақ жылма-жыл оның суы тартылып келеді. Бұрын ұзындығы 800 шақырымға дейін барса, қазір сонша құрғап кетті, су көгеріп жатыр.

Ойыл ауданының тұрғындары өзен мүлдем жойылып кете ме деп қауіптенеді. Өзенмен бірге оның жағасындағы ондаған ауылдан да түк қалмайды.

"Бұл өзен мақтанышымыз болатын, ал қазір суы жоқ деуге болады. Ол құрғап кетсе, адамдар сусыз қалады, жерасты су да жойылады. Онда тұрғындар ауданнан көшіп кетуге мәжбүр болады", - деді Қаратал ауылының тұрғыны Ерсұлтан Максимов.

Жергілікті шенеушіктер бәріне табиғаттың өзі кінәлі деп отыр. Олар соңғы екі жылда қыстың қары, жаңбыр да аз болғанын алға тартады. Жаңбыр мен қар өзен суын толтыратын негізгі көз екен.

Бірақ экологтар мұны адамның қолынан шыққан мәселе деп отыр. 

"Бәрі не істеу керегін сұрайды. Бұл - сондай оңай процесс. Қиындығы жоқ. Жасыл желек отырғызып, экожүйені қайта қалпына келтіру керек. Тазалау керек, әрине. Миллиардтаған шығынмен кеңейтеміз деген бұрмалаудың керегі жоқ. Жер мен судың өз иесі болу керек", - деді эколог Александр Мандрыкин.

Ойыл суы тартылып жатқан жалғыз өзен емес. Аймақта барлық су қоймасы тартылып жатқанын экологтар бірнеше жылдан бері ескертіп келеді. Бірақ мәселені әлі ешкім шешпеді. Ғалымдар талай жиналып, қалай құтқаруды талқылады. Бірақ әзірге одан да нәтиже жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!