14 сәуір 2021 14:43

Қазақстанда вакцина әзірлеушілердің жалақысы көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: biosafety.kz Фото: biosafety.kz

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми зерттеулерге ғалымдарға жыл сайын миллиард теңгеден бөлінеді. Олардың жұмысына коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу де кіретінін айта кеткен жөн. Бұл туралы БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанна Құрманғалиева коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаны әзірлеумен айналысатын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына еңбекақыны арттыру туралы сұраққа жауап берді.

"Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мың теңгеден басталады. Әкімшілік және қызмет көрсету қызметкерлерінің жалақысы 250 мың теңгеге дейін болады.

Сонымен қатар, институттың ғылыми зерттеулеріне 2022-2024 жылдары еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жылына шамамен миллиард теңгеден 2,8 миллиард бөлінді", - деді Құрманғалиева ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір институт жанында ҒЗИ қызметкерлеріне үш үй салынып жатып, бұл - 180 пәтер.

"Жақында ғана республикалық бюджеттен осы 180 пәтерге тұрмыстық техника, жиһаз және өзге де жабдықтар сатып алуға 293 миллион теңге бөлінді. Яғни, біздің ғалымдар мен институт қызметкерлері осы пәтерлерге қоныстанғанда, онда барлық қажетті зат тұрады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети