08 қыркүйек 2021 12:54

Қазақстанда вакцинация бойынша тексеріс қалай жүргізіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда вакцинация бойынша жүргізілетін тексеріс алгоритмі мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Қазақстанда вакцинация бойынша жүргізілетін тексеріс алгоритмі мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Оған премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Алгоритмді Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және "Атамекен" ҰКП әзірлеген.

"Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған заңбұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салғызғанын тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60 пайыздан азы COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған кәсіпорындар тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады. МТ (мониторингтік топ) рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрон платформасында жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

МТ нысанға шығу кезінде жұмыс беруші екпе алған және вакцинациядан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімде ПТР-сынамасы, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімі немесе 3 ай ішінде COVID-19 жұқтырып, ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады.

"МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10 пайызы, 201-ден 500-ге дейін - кемінде 5 пайыз, 501-ден 1000-ға дейін - кемінде 3 пайыз, 1000-нан жоғары - кемінде 1 пайыз) Ashyq қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.

"Жасылдан" басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцина алмай жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпарат (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-сынама нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар)", - делінген хабарламада.

Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда МТ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материал жасап, кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакцина алмаған жұмыскерлерді қызмет нысанына жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-дан келіп түскен материалдардың негізінде нысанға санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы береді (жолдайды).

МТ Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК-ға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

Жергілікті атқарушы органдар нысанарға әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша нысанның Ashyq жобасына қатысуын тоқтата тұрады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети