Қазақстанда вакцинацияны қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстанда қыркүйекке дейін 10 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қыркүйекке дейін 10 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр сәуір, мамыр және маусымда барлығы 6 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. Айына 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған.

"Қыркүйекте екпе салдыратын бірінші топтағы 10 миллион адамды вакцинациялау жоспарланып отыр. Осыдан кейін ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз деген үміттеміз", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Бұған дейін 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланғаны хабарланған болатын.

"Сонымен қатар жекелеген бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге шара қабылдауды және белгіленген жоспарға сәйкес өңірлерге вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиажоспарды өзектендіріп, Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңызы туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін", - деп тапсырды премьер-министр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірде өңірлерге жеткізілетін коронавирусқа қарсы вакцина дозасы көбейгенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer