16 маусым 2015 13:51

Қазақстанда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© strategy2050.kz © strategy2050.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып Сақташ Хасенов тағайындалды. Бұрын ол ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетін басқарған. 

"Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов Қостанай облысы Қарақалпақ ауылында 1960 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. 1982 жылы "Агрономия" мамандығы бойынша Ленинград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Еңбек қызметін 1982 жылы Псков облысы "Қарамыш" совхозының бас агрономы ретінде бастаған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Хасенов кей жылдары совхоз директоры, ҚР АШМ Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы болып және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген. 2005-2006 және 2010-2011 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды. Ол Ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты, "Құрмет" орденнің иегері.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети