Қазақстанда “Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясының баға қою тиімділігіне аудит жүргізді. Аудиттен өту міндеті "Яндекс Таксиге" монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясының баға қою тиімділігіне аудит жүргізді. Аудиттен өту міндеті "Яндекс Таксиге" монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, аудиттің мақсаты "Яндекс" сервисін, соның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болған.

"Жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен қатар, әуежай аумағы мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, операциялық процестер қарастырылды. Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар мәселе анықталды. Кейбір мәселе жойылды, ал қалғандары бойынша "Яндекс" оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады", - деп жазылған хабарламада.

Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгерген, нәтижесінде "Яндекс" осы бағдарлама бойынша барлық шығынды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алған.

"Яндекс" қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізген:

  • такси тарифтері және жол жүрудің базалық құны қымбаттайтыны туралы агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
  • әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);
  • жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);
  • "Эконом" тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (бұл тариф ең сұранысқа ие тариф);
  • сұраныс көп болған жағдайда тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);
  • сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;
  • 2025 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;
  • техникалық қолдау сапасын арттыру, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру.

Бұдан бөлек "Яндекс Такси" "эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы ауа райының қолайсыз кезде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесін енгізеді. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адам такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.

"Яндекс Таксидің" антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерін орындауы агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Оның құрамына кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ, таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer