Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың жаңа формасы болуы мүмкін - ДДҰ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда соңғы күндері тарап жатқан пневмония коронавирустың жаңа формасы деген күдігін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда соңғы күндері тарап жатқан пневмония коронавирустың жаңа формасы деген күдігін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевадағы онлайн-брифингте Қазақстандағы жағдайларда "диагностика қате жасалған" деген пікір білдірген.

Райанның сөзінше, қазіргі уақытта ДДҰ рентген түсірілімдерін зерттеп, COVID-19-бен сәйкес келетін пневмония үлгілерін анықтау үшін ел билігімен жұмыс істеп жатыр.

"Денсаулық сақтау органдары жалған теріс нәтиже көрсететін тесттердің жоғына көз жеткізу үшін өткізілген тесттер мен тестілеу сапасын тексереді", - деді Райан.

Еске салайық, бұған дейін қытайлық БАҚ Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған.

"Шын мәнінде бар ма?". Цой Тоқаевқа "белгісіз" пневмония туралы статистиканы баяндады

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін маусымда пневмониядан 628 қазақстандық қайтыс болғаны хабарланған. Былтырғы алты аймен салыстырғанда биыл пневмониямен ауыру деңгейі 55 пайызға өскен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro