08 желтоқсан 2022 09:04

Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан оқу форматына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан оқу форматына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"8 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қарағанды білім бөлімі де 8 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын хабарлаған. 5-11 сынып оқушылары штаттық режимде оқиды, деп жазады ekaraganda.kz әлеуметтік желілердегі аккаунтында.

Қостанайда ауа температурасы нөлден 28 градусқа дейін төмендеді.

"Қостанай мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9-сыныптарының оқушылары 8 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазды alau.kz.

"8 желтоқсанда мектепалды, бірінші ауысымның 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады: температура -32 градус, жел секундына 2 метр", - деп хабарлайды Павлодар Білім басқармасы Instagram арқылы.

"8 желтоқсанда Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлайды oo_osa_semey_vko.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети