25 қаңтар 2024 14:15

Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney нейрожелісі құрастырған сурет Midjourney нейрожелісі құрастырған сурет

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) - 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 2,8 миллиард теңге.

"Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы - 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары болған. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 триллион теңгеге немесе 21,8 пайызға ұлғайғаны айтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 миллионға жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети