28 сәуір 2022 | 14:00

Қазақстандағы ең жас шенеуніктер кім?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі кезде шенеуніктер арасында жиі ауыс-түйіс болып жатқаны белгілі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ең жас шенеуніктерді анықтап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі кезде шенеуніктер арасында жиі ауыс-түйіс болып жатқаны белгілі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ең жас шенеуніктерді анықтап көрді.

Ең жас министр кім?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында туған. Ал білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Демек, Үкімет құрамындағы ең жас министрлер - Бағдат Мусин мен Әлібек Қуантыров, олардың жасы - 39-да. БҒМ Асхат Аймағамбетов 40 жаста. 

Бағдат Мусин, Асхат Аймағамбетов, Әлібек Қуантыров

Ең жас облыс әкімі кім?

Облыс әкімдері арасынан ең жасы - Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов. Оның жасы - 43-те. Өзге өңірлер бойынша жас әкімдер қатарында Қызылорда мен Қарағанды облыстарының әкімдері бар. Жақында ғана тағайындалған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің жасы 46-да. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 47 жаста.

Ең жас облыс әкімі әрі экс-министр Серік Шәпкенов 2022 жылғы 7 сәуірде Атырау облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Ал 2021 жылы қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.

Нұрлыбек Нәлібаев, Серік Шәпкенов, Жеңіс Қасымбек

 Ең жас қала әкімі кім?

Республикалық маңызы бар қалалар тізімінде ең үлкен қала әкімі - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. Оның жасы 52-де. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, жасы 44-те. Ал ең жасы - Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Ол 1981 жылы дүниеге келген, жасы - 39-да. 

Мұрат Әйтенов

Өзге қалалар арасында ең жас әкім кім?

Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов 42 жаста. Ал Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов 41 жаста. Қала әкімдері қатарында ең жас әкімдер - Риддер мен Степногорск әкімдері. Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горький мен Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың жасы 39-да.

Дмитрий Горький, Алпысбай Қайыржанов

Ең жас министр орынбасарлары мен вице-министрлер кімдер?

Сыртқы істер министрлігінде министрдің 5 орынбасары бар. Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің жасы 55-те. Ал ең жас орынбасары - Алмас Айдаров. Оның жасы 39-да.

Алмас Айдаров

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың жасы 58-де. Ал министрдің ең жас орынбасары Сәкен Сәрсенов 45 жаста.

Сәкен Сәрсенов

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев 1980 жылы дүниеге келген, жасы 42-де. Ал ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов - тәуелсіздіктің түйдей құрдасы. Өйткені 1991 жылы 16 желтоқсанда туған, қазір жасы 31-де. Ең жас вице-министр - ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек. Ол 1994 жылы дүниеге келген, жасы 28-де. Әбілқайыр Тамабек ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жақында тағайындалған болатын.

Жаңа тағайындалған вице-министр туралы не белгілі?

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, жасы - 34-те. 

Алма Мұқанова

Вице-министрлер арасында 40-50 жастағы шенеуніктер де бар. Мысалы, білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың жасы 40-та. Ал төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтің жасы 50-де.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген, оның жасы 32-де. 

Зүлфия Сүлейменова 

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың жасы 47-де. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минстрі Ержан Біржанов 43 жаста. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен қаржы вице-министрі Бақтияр Қожахметовтің жасы 37-де. Энергетика вице-министрі бір жас кіші, Жанат Жахметова 36 жаста. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 1987 жылы дүниеге келген, олардың жасы 35-те. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде парақшасын белсенді жүргізетін облыс әкімдері туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, қай министр Желідегі парақшасын белсенді жүргізетініне шолу жасаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети