11 желтоқсан 2023 16:53

Қазақстандағы ең танымал есірткі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео Polisia.kz

Қазақстанда есірткі заттары арасында каннабис танымалдығы бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда есірткі заттары арасында каннабис танымалдығы бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еспаеваның айтуынша, Қазақстанда есірткі айналымының жылдық көлемі шамамен 20-25 тонна болады.

"Оның 95 пайыздан астамы каннабис тобындағы есірткі, 5 пайызға жуығы синтетикалық есірткі және 1 пайыздан азы апиын, героин және басқа да түрлері", - деді вице-спикер Мәжілістегі үкімет сағатында.

Уәкілетті органдардың мәліметі бойынша, Қазақстанда биылғы 10 айда есірткі қылмысы үшін сотталғандардың саны 3193 адам болған. Бұл елдегі барлық тұтқындардың 14 пайызы.

"Парламент осы саладағы шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады. Заң жобасы есірткі және психотроптық заттарды мемлекеттік бақылауға алу тәртібін реттеуге бағытталған", - деп қосты Еспаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети