02 тамыз 2022 13:24

Қазақстандағы жол сапасы нашар өңірлер аталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі жол сапасы нашар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі жол сапасы нашар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жолдарды тексерудің қорытындысын айтты.

"Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, оның 2,5 мыңы, яғни 28 пайызы талапқа сай емес", - деді Өскенбаев.

Ведомство баспасөз қызметі жол сапасы бойынша талапқа сай келмейтін өңірлерді атады:

  • Шымкент - 71 пайыз;
  • Маңғыстау облысы - 61 пайыз;
  • Алматы - 56 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 49 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы - 43;
  • Түркістан - 40 пайыз.

"Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер нысандарды пайдалануға қабылдап жатыр. Кейбір өңірде мұндай деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді министр.

Баспасөз қызметі өкілдері Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Сапа орталығының ескертулерінен кейін жұмысты сапасыз орындау және қабылдау дерегі бойынша, Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі актілерге жалған қол қою дерегі бойынша іс қозғаған. 

Өскенбаевтың айтуынша, қаржыны бөлу мәселесі даулы. Кей өңір бұл талаптарды орындамайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жол жағдайы төмен. Былтыр жыл аяғында облыстағы жолдардың нормативтік жағдайы 39 пайыз болса, орташа республикалық көрсеткіші 80 пайыз болған. БҚО әкімдігі биыл 2,6 миллиард теңге бөлді, бұл жалпы бюджеттің 10 пайызы, ал қажет қаржының 30 пайызы", - деп толықтырды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети