Қазақстандағы референдум: exit poll нәтижесі шықты

Қазақстандағы референдум: exit poll нәтижесі шықты

Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Социс-а" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының экзитполының нәтижелері бойынша:

"Иә" деп 76,7 пайызы;

"Жоқ" деп 23,3 пайызы дауыс берген. 

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты экзитполының мәліметтері бойынша қатысушылардың 74,8 пайызы "иә" деп дауыс берсе, 25,2 пайызы қарсы дауыс берген. Зерттеуге сәйкес, 70,1 пайыз адам келген.

"Демократия институты" жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша 79,4 пайыз дауыс берді, қатысушылардың 20,6 пайызы қарсы дауыс берді. Дауыс беруілердің 66,3 пайызы келген.

Айта кетейік, Экзитпол - әлемдік әлеуметтанулық тәжірибеде пайдаланылатын, дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шығу кезінде әлеуметтік қызметтер жүргізетін азаматтарға сауалнама жүргізу рәсімі.

Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті. 

"Әйелімен келді". Референдумда қай шенеуніктер дауыс берді?

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек болды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети