11 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстандағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE – Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 507,80 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,59 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 маусымға белгілеген ресми бағамы – 508,42 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 508,33 теңге, сату бағамы – 510,23 теңге.
Астанада америкалық валютаны орта есеппен 506,59 теңгеден сатып алып, 512,61 теңгеден сатып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
