23 маусым 2023 16:14

Қазақстандағы соттар 20 адамды заңсыз ақтамақ болған - Бас прокуратура

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бас прокуратура жарты жылдықтағы жұмысты қорытындылады. Прокурорлар қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруда белгілі нәтижелерге қолжеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурорлар 512 адамды негізсіз күдіктен қорғағаны айтылды.

"Үш буынды модель шеңберінде прокурорлар тергеу органдарының 150 мыңнан аса процестік шешімдерін зерделеп, оның ішінде 4,5 мың қаулыны келісуден бас тартылды", - делінген хабарламада.

Соттарда 11 мың қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қамтамасыз етілген. Прокурорлардың бастамасы бойынша 197 адамға қатысты үкімдер заңға сәйкес тексерілгені, бұл ретте 156 сотталушының жағдайы түзетіліп, оның ішінде 8 адам ақталғаны айтылды.

"Өз кезегінде прокурорлар 20 адамға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермеді және заңсыз ақтау үкімдерінің күшін жоюға қолжеткізді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети