17 қаңтар 2022 17:50

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: ІІМ оқиға куәгерлеріне үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі куәгерлер анонимді түрде "102" мобильді қосымшасы арқылы жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірген фото және видео материалдарды жібере алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі куәгерлер анонимді түрде "102" мобильді қосымшасы арқылы жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірген фото және видео материалдарды жібере алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Егер сізде фото және видео-материалдар болса, оларды арнайы сайт арқылы анонимді түрде жібере аласыз. Бір хабарламада 5 файлды жіберуге болады, бір файлдың ең көп мөлшері - 100 МБ", – делінген хабарламада.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сайтқа өту батырмалары мынадай:

  1. "102" мобильді қосымшасы -> "Фото/видео-материалдар" өрісі (жіберілетін файлдар саны – 5, бір файлдың ең көп салмағы: 100 мб, бір фото файлдың максималды мөлшері - 10 мб) –> осы өрісте келесі форматтарды қабылдайды: jpeg, jpg, png, gif, tiff, bmp, heic, heif, MP4, MOV, WMV, AVI, AVHCD, FLV, F4V, MKV, WEBM, VOB, H. 264, motionjpeg (MJPEG)- > "Жіберу" батырмасы (егер кем дегенде бір файл тіркелмесе, онда батырма басылмайды). Ескерту: қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады. IOS платформасындағы қосымшада сайтқа өту түймесі қолжетімді. Егер батырма болмаса, онда қосымшаны жаңарту қажет. Android платформасындағы қосымшада жаңарту шыққаннан кейін сайтқа өту түймесі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта жаңарту Play Market-те модерацияда.
  2. ҚР ІІМ Telegram-боты: "Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу" батырмасын басқан кезде сайтқа сілтеме және ауысу батырмасы бар бет ашылады;
  3. ҚР ІІМ-нің ВК-боты: ҚР ІІМ парақшасының жеке хабарламасына өту қажет, онда "Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу" батырмасын басасыз, содан кейін сайтқа сілтеме және өту батырмасы бар бет ашылады.
  4. ҚР ІІМ сайтының төменгі оң жақ бұрышында орналасқан виджетте: "Тәртіпсіздіктер бойынша фото/бейне материалдарды жіберу" батырмасын басу қажет.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланған фото және бейне жазбалар кінәлі адамдарды анықтау үшін жиналады. Алынған мәлімет тергеу-жедел топтарына оқиғаның анық-қанығын білуге және оған қатысы бар адамдарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ бүлік пен шабуылдарға қатыспаған, бірақ тәртіпсіздіктер орнында кездейсоқ болған азаматтарды қорғауға көмектеседі.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты мынадай бейне-материалдарды жібере аласыздар:

  • Адамдардың жиналуы және шеруі (митинг);
  • Жаппай тәртіпсіздіктер;
  • Атыс қаруын қолдану;
  • Билік өкілдеріне шабуыл жасау және ұру (оның ішінде полиция, әскери қызметшілер және т.б.);
  • Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;
  • Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасау;
  • Әкімшілік ғимараттарды басып алу;
  • Арнайы көлік құралдарын басып алу;
  • Мүлікке зиян келтіру;
  • Тонау.

Полицейлер азаматтар хабарламаны 102 мобильді қосымшасы арқылы да полицияға жібере алатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети