Қазақстандық "18 килогерц" фильмі мәскеулік кинофестивальде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "18 килогерц" фильмі мәскеулік кинофестивальде көрсетіледі Фильмнен алынған кадр

Қазақстандық "18 килогерц" фильмі халықаралық Мәскеу кинофестивалінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "18 килогерц" фильмі халықаралық Мәскеу кинофестивалінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер Фархат Шәріповтің кинокартинасы 28 және 29 сәуірде конкурстан тыс "Жас әрі әдемі" бағдарламасы бойынша көрсетіледі.

Мәскеулік кинофестивальді 22 сәуірде Тимур Бекмамбетовтің кеңес ұшқышы Михаил Девятаевтың ерлігі туралы фильм ашады. Байқаудың негізгі бағдарламасына Жапония, Испания, Грекия және басқа елдерден 13 картина қатысады. 

Еске салайық, "18 килогерц" фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

"18 килогерц - ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Өсе келе жыл сайын жастардың проблемасын түсіну күрделенеді, ол өзіміз жасөспірім кезімізде де шешілмейтін көрінетін. Жол табылмайтындай болғанда сезілетін қорқыныш күшін еске түсіру қиын. Бұл фильм арқылы мұның бәрін еске салғым келді", - деген еді Шәріпов.

Фильм түсірілімі Алматыда өтті. Басты рольдерде үлкен кинода алғаш рет дебют жасаған жас актерлер ойнады, олар: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Композиторы Илья Одегов.

Одан бөлек, "18 килогерц" фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети