Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық әртістер салық төлейтін болды

17 Қаңтар 2015, 10:40
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Отандық әртістер өзінің шын мәніндегі табысын жасырмауы үшін Қазақстан үкіметі осы жылдан бастап бақылауды күшейтетін болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Жылдық табысы 250 мың теңгеден асатын шоу-бизнес өкілдері жеке кәсіпорнын тіркеп, бюджетке сәйкес салығын төлеуі керек. Бірақ әншілердің көбісі бұлай жасамайды. 

Қазіргі уақытта үкімет бақылаудың нақты қалай күшейетінін шешіп жатыр. "Төлеушілер толық көлемде салық төледі деп айта алмаймын. Осы жылы бұл салада әкімшілік басқару белсенді бола түсті. Сондықтан тіркелмеген тұлғалар анықталса, оларға әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберіледі", - деп мәлімдеді Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің түсiндiрме басқармасының басшысы Дәурен Нұрғожаев.

Өз кезегінде қазақстандық кейбір жұлдыздар концерттердің аз табыс әкелетінін айтады. Әнші Жанар Айжанова салықтар мен шығындарды есебінен бөлек, бір-екі рет ән орындаған кезде 100 мың теңгеден аспайтын көлемде табыс табатынын мойындады.

"Негізі бұл дұрыс емес. Неге дұрыс емес: біздің әртістер шетел әртістері секілді табыс таппайды. Әншінің шетелге шығып, сол жақта ән айтып жүретіндей жағдайы жоқ", - деді әнші Нұрлан Еспанов.

"Мұның барлығы қалай бақыланатынын түсінбейміз, себебі біз туысқандарымыздың, достарымыздың үйінде тегін ән орындаймыз. Қайырымдылық кештер болады. Егер салық қызметкерлері барлық тойға, іс-шараларға барып, үстімізден түсіп, микрофон арқылы "Сен қанша пайда таптың, есебіңді көрсет..." дейтін болса, меніңше, бұл мүмкін емес", - деді орындаушы Айқын Төлепберген.

Ал статистика комитетінің өкілдері Қазақстанда соңғы алты жылда концерттердің саны үш есе азайғанын хабарлады. Алматыдағы Республика Сарайын жалға алу үшін 25 мың доллар төлеу керек. Сондықтан танымал поп-әншілер тапсырыс беру арқылы жоспарланған банкенттерден бас тарта алмайды, ал бұл банкеттерде көрсеткен өнері құжатпен толтырылмайды, декларациясы болмайды. Бұдан шығатыны, мың доллар табысқа салық салынбайды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, Алматыда шоу-бизнес саласында бүгінде 200 заңды тұлға мен 453 жеке тұлға жұмыс істейді. Өткен жылы алматылық орындаушылар бюджетке 45 миллион теңге төлеген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай