16 тамыз 2016 15:45

Қазақстандық ару Кариб аралдарындағы сұлулық байқауында үздік ондыққа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмина Қожанова Әмина Қожанова

Павлодарлық 18 жастағы Әмина Қожанова Miss Regal International халықаралық байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, ең сымбатты арулардың үздік ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық 18 жастағы Әмина Қожанова Miss Regal International халықаралық байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, ең сымбатты арулардың үздік ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финал 14 тамызда Кариб теңізінің Антигуа аралында өтті. Қазақстан бұл байқауға бірінші рет қатысып отыр.

Әмина Қожанова байқаудан кейін өзінің жаңа құрбылар мен түрлі мемлекеттердің салт-дәстүрімен танысқанын айтады. Дайындық кезінде қыздарды ұйымдастырушылар аралдың ішінде қыдыртыпты, сонымен қатар спорттық мәдени шаралар мен сол елдің дәстүрімен карнавал өткізген.

Miss Regal International байқауында Жаңа Зеландиялық Адель Крантц жеңімпаз атанған. "Бірінші вице-ару" титулын нигериялық Чизоба Эджике жеңсе, "екінші вице-ару" болып филиппиндік Трайси Дель Розарио танылған.

Әмина Қожанова 16 жасында "Павлодардың бірінші вице-аруы" титуылын жеңген. Соның арқасында ол 2014 жылы "Қазақстан аруы-2014" байқауында өз қаласының намысын қорғаған. Ол онда екінші орынға ие болған. "Қазақстан аруы" байқауының тәжін сол жылы Регина Вандышева жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети