15 қыркүйек 2023 15:57

Қазақстандық ата-аналар Оқу-ағарту министрлігін сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының ауданаралық сотына Қазақстанның әр өңірінен 11 ата-ана Оқу-ағарту министрлігіне қатысты талап-арыз жолдады. Бұл туралы ата-аналардың мүддесін қорғайтын белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов мәлімдеп, қазақстандық ата-аналардың неге қол жеткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының ауданаралық сотына Қазақстанның әр өңірінен 11 ата-ана Оқу-ағарту министрлігіне қатысты талап-арыз жолдады. Бұл туралы ата-аналардың мүддесін қорғайтын белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов мәлімдеп, қазақстандық ата-аналардың неге қол жеткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқушылар былтырғы оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда емес, 31 мамырда оқуды аяқтады. Мектеп мұндай жаңашылдыққа дайын болмағандықтан, бұл өзгеріс көптеген ата-ананың наразылығын тудырды. 1 қыркүйек қарсаңында соңғы қоңырау бұрынғы күнге қайтарылатыны жарияланды. Алайда, Сүлеймановтың айтуынша, мәселе әлі шешілмеген.

"2022 жылы экс-министр Асхат Аймағамбетов "мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды. Құжат бойынша оқу жылы бұрынғыдай 34 аптадан 36 аптаға дейін ұлғайды. Біздің сұрайтынымыз өте қарапайым нәрсе - оқу жылын ұзарту туралы шешімді жою", - деп түсіндірді адвокат.

Жангелді Сүлеймановтың айтуынша, сотқа жүгінген ата-аналар білім беру саласындағы жүйелі заңбұзушылықтар туралы 50 беттен тұратын ұлттық баяндама жасап, Президент әкімшілігіне жолдаған. Олар құжатта білім сапасы төмен екені, мектептерде оқушылар көп екені, жуынатын бөлмелер болмауы сияқты 29 заңбұзушылықты көрсеткен. Дәл осындай заңбұзушылықтар Оқу-ағарту министрлігіне қатысты сот ісінде көрсетілген.

"Осы заңбұзушылықтарды жоймайынша, оқу мерзімін ұзартудың қажеті жоқ дейміз", - деді заңгер.

Айта кетейік, биыл соңғы қоңырау алғаш рет 1 маусымда соғылды. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталып, барлығы 36 аптаға созылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети