04 қараша 2020 07:57

Қазақстандық әйел қызының Оңтүстік Кореяда қайтыс болғаны туралы өтірік айтып, миллион теңге жинаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанай тұрғыны Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған жеті жасар қызының денесін елге әкеле алмай жатыр деген оқиға жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новостиге" сілтеме жасап.


Қостанай тұрғыны Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған жеті жасар қызының денесін елге әкеле алмай жатыр деген оқиға жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новостиге" сілтеме жасап.

28 қазанда басылым Мәдина Айданға қызы Инабат Мухиттың денесін Сеулден алып кету үшін қаржылай көмек керек екені туралы жазған. 

Әйел қызы 27 қазанға қараған түні қайтыс болғанын айтқан. Содан кейін шетелдік клиника алдында қарызы қалғанын және қызының денесін үйге алып қайтуға ақшасы жоғын айтып, көмек сұраған. 

Ол бар болғаны "685 доллар керек", қалған ақшаны (3000 долларға жуық) туыстары, сыныптастары және әріптестері жинап бергенін жеткізген. Мәдина Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне хабарласқанмен, көмектеспегенін айтқан.

Енді Мәдина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бары белгілі болды. Бәрі аман, дені сау.

Ақша жинағанда ол қызының құжатын, өзінің телефон нөмірі мен картасын пайдаланған. Алайда фото басқа қыздың - Алматы облысында тұратын және шынымен аққан ауруымен ауыратын, бірақ жазылып келе жатқан Камила Реброва болып шықты. 

Қостанайлық әйелдің өтірігін LIDER.KZ қозғалысының волонтерлері ашқан. Оларға Камила Реброваның туыстары хабарласқан. Нәтижесінде Мәдина Айданнан жиналған ақшаны - 970 мың теңгені қайтару талап етілді. Мәдина Айданның отбасы өтірікке сеніп, қол ұшын созған жандардан кешірім сұрады.

"Біз Сеулдегі Сунчонхян университеті медицина орталығының ұжымынан кешірім сұраймыз. Бұл атау алғашқы ақпаратта пайдаланылған. Қыз осы медициналық орталықта қайтыс болды деп көрсетілген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды басылым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети