25 мамыр 2022 07:04

Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге карта беру ережесін күшейтті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге төлем карталарын беру ережелерін күшейтті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге төлем карталарын беру ережелерін күшейтті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, енді банктер төлем картасын алу үшін келушілерден төлқұжат, қазақстандық ЖСН, көші-қон картасы мен виза сұрайды. Сондай-ақ, клиенттің ұялы телефон нөмірі жергілікті болуы да маңызды. Тіпті кейбір банктер ресейліктерден жұмыс орнынан анықтама, елде тұруға рұқсаты бар-жоғын сұрай бастаған.

Банктер жаңа ережелердің күшіне енгеніне бір айдан асқанын айтты. Бұл заң барлық шетелдіктер үшін бірдей.

ҚР Ұлттық банкі заңда клиенттен еңбек шарты мен тұруға ықтиярхаттың болуын талап ететін норма жоқ екенін, бірақ олардан сұрауға да ешкім тыйым салмайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети