05 қазан 2018 | 11:56

Қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.  Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын", - деді Назарбаев.

Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. "Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Назарбаев. Сондай-ақ, ол жолдауында ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. "Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети