05 қазан 2018 11:45

Назарбаев ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюға қорқады. Ертең біреулер келіп, желкесінен алады. Мұнымен қоса "Саған әлі көрсетемін!" деп қорқытатындар да бар. Осы ретте ҰҚК өкілдеріне осындай шенеуніктерді ұстап, оларға қатысты бірден қылмыстық іс қозғауды тапсырамын. Оларға мұндайға кім рұқсат берді?" - деді Назарбаев.

Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. "Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Назарбаев.

Еске сала кетейік, кеше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. "Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети