Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 мамырда Мәскеудегі парадқа Қазақстан Республикасының атынан Кеңес Одағының батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған есептоп шығады.

Айта кетейік, 1941 жылы Волоколамск бағытында Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының құрамында Панфилов жауынгерлері болды. Барлық жеке құрамның шайқастарда көрсеткен ерлігі, табандылығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін дивизия "Қызыл ту" орденімен марапатталып, "Гвардиялық" деген атақ берілді.

"Чкаловский әскери әуеайлағында қазақстандық десантшыларды Ресей Федерациясындағы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алды. Ол жауынгерлерге тарихи маңызы бар шарада елдің атынан абыроймен сап түзеп өтуіне тілектестік білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.

Парадтың есептобында 80 адам, оның ішінде 11 офицер, 24 келісімшарт бойынша әскери қызметші және 45 мерзімді қызметтің сарбазы бар.

37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда әркез дайын. Бейбіт уақытта ол төтенше жағдай режимінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны күшейту, аса маңызды нысандарды күзету және қорғау, бөлімшелерді терроризмге қарсы операцияларда, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда қолдану міндеттерін орындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer