04 қараша 2022 09:22

Қазақстандық экологтар Ресейдегі коммуналдық апат салдарын тексерді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қазақстандық экологтар Волгоград қаласындағы ірі коммуналдық апаттан кейін Қиғаш өзеніндегі зиян заттардың құрамын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.


Қазақстандық экологтар Волгоград қаласындағы ірі коммуналдық апаттан кейін Қиғаш өзеніндегі зиян заттардың құрамын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Қиғаш өзені - Еділдің бір саласы. Волгоградта кәріз құбыры жарылып, лас су өзенге құйылған ірі коммуналдық апаттан кейін экологтар өзендегі сынамаларды тексеруге кіріскен.

"Су тоғыз компонент бойынша алынды: сутегі көрсеткіштері, азот, сульфат, нитрит, нитраттар, қалқыма заттар, мұнай өнімдері, хлоридтер және құрғақ қалдық бойынша. Белгіленген нормативтердің асып кетуі тіркелген жоқ", - деді Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Сырым Тілегенов.

Әзірге алғашқы зерттеулер ғана оң нәтиже берген. Атырау облысының экологтары Құрманғазы ауданында кем дегенде апта аяғына дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Волгоград қаласында коммуналдық апат болғаны туралы хабардан кейін мамандар Атырау облысындағы судың сапасын тексеретіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети