Қазақстандық есептегішті “тексеру“ үшін 4,5 миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық есептегішті “тексеру“ үшін 4,5 миллион теңге берген Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Ақтөбенің 39 жастағы тұрғыны есептегішті тексерту үшін алаяқтарға 4,5 миллион теңгеден астам қаражат аударған, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Ақтөбенің 39 жастағы тұрғыны есептегішті тексерту үшін алаяқтарға 4,5 миллион теңгеден астам қаражат аударған, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"1414 нөмірінен келген SMS"

Жәбірленушінің айтуынша, оған WhatsApp мессенджері арқылы өзін энергиямен жабдықтау ұйымының қызметкері деп таныстырған белгісіз біреу хабарласқан. Алаяқ электр есептегішті тексеру және ауыстыру сылтауымен 1414 нөмірінен SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұраған.

Ер адам кодты айтқаннан кейін, оған өзін мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері деп таныстырған тұлғалар қоңырау шала бастаған. Олар жәбірленушіні "алаяқтар атыңызға несие рәсімдемекші" деп сендіріп, ақшаны "қорғау" үшін "қауіпсіз шотқа" аударуды ұсынған.

Алаяқтардың нұсқауын орындаған ақтөбелік көрсетілген деректемелерге 4,5 миллион теңгеден астам ақша аударған.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертуі

Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға және SMS-кодтарды сұрайтын немесе ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Егер сіз алаяқтардың құрығына түссеңіз немесе күмәнді қоңырау алсаңыз, 102 телефоны бойынша полицияға хабарласуыңыз қажет.

1414-тен келген код: қай кезде сенуге болады?

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтар пайдаланушылар eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кірген кезде ғана жіберілетінін түсіндірген болатын.

"Бұл кодтар мемлекеттік органдардың сыртқы жүйелерінде сәйкестендіру үшін де қажет. Бір реттік SMS-кодтар тек мемлекеттік қызметтер мен сервистерге қол жеткізу, соның ішінде құжаттарға қол қою үшін қолданылатынын айта кеткен жөн", - деп атап өтті ведомство.

1414 нөмірінен келетін SMS тек техникалық сипатта болады және пайдаланушы жүйеге кіру, құжатқа қол қою немесе мемлекеттік қызмет алу сияқты белгілі бір әрекеттерді жасаған кезде жолданады.

1414-тен келген код: қай кезде айтуға болмайды?

Министрлік алаяқтардың жиі ресми қызмет өкілі ретінде танысып, пайдаланушының атынан электрондық үкімет жүйесіне кіруге немесе қызметтерге қол жеткізуге тырысатынын ескертті.

Алаяқтар кодты біліп алған күннің өзінде, олар басқа адам үшін биометриядан өте алмайды – жүйе оларға рұқсат бермейді, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"Код жіберіп, оны айтуды сұрау – алаяқтардың психологиялық манипуляция жасау құралы. Кейін жәбірленушіге өзін пошта, салық немесе коммуналдық қызмет, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкері деп таныстырған келесі бір алаяқ хабарласады. Ол SMS-код арқылы қаскөйлердің жеке деректерге қол жеткізгенін айтады. Алаяқтардың әрі қарайғы әрекетіне тосқауыл қою үшін, бұл "қызметкер" жәбірленушіні бөгде қосымша орнатуға немесе сыртқы сілтемелерге өтуге көндіреді. Мұндай әрекеттер өте қауіпті, себебі пайдаланушының банктік шоттарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін", - деп атап өтті министрліктегілер.

Егер сіздің атыңызға микронесие рәсімделсе, Мемлекеттік немесе Бірінші несие бюросынан жеке несие есебін алыңыз, содан кейін микронесие ұйымына ішкі тергеу жүргізу туралы өтініш беріңіз. Олар бас тартқан жағдайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе полицияға жүгінуге болады.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз:

  • алаяқтық дерегін тіркеу үшін полицияға хабарласу;
  • сіздің хабарыңызсыз қарыз берген ұйымға өтініш беру;
  • ЭЦҚ құпиялығы бұзылған жағдайда pki.gov.kz порталы арқылы ескі кілттер күшін жойып, жаңасын алу;
  • телефон нөміріне қолжетімділік жоғалса, Мобильді азаматтар базасындағы деректерді жаңарту қажет.
Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +29
Ақтау +28
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +27
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +25
О
Орал +23
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер