Қазақстандық ет өндірушілер шығынға ұшырағанын мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ет өндірушілер шығынға ұшырағанын мәлімдеді Фото: Хабар 24

Қазақстандық ет өндірушілер Қытай нарығына өнім жеткізе алмауына байланысты шығынға ұшырағандарын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ет өндірушілер Қытай нарығына өнім жеткізе алмауына байланысты шығынға ұшырағандарын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл мәселенің неден туғанын "Қазақстанның ет одағы" бірлестігінің бас директоры айтып берді. Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, проблема пандемиямен байланысты.

Телеарна мәліметі бойынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бас санитария дәрігері елден ет импорттауға тыйым салатын қаулы шығарған. Қазақстан тарапы ет комбинаттары қызметкерлерін вакциналау немесе міндетті сынама тапсыру талабын қабылдауға дайын екеніне қарамастан жағдай әлі өзгермеген.

"Қазір Қытайға экспорт жасау тоқтап тұр. Бірақ сұраныс бар. Тұрақты сатып алушылар үнемі "қашан?" деп сұрайды. Тіпті беделді қытайлық ірі компаниялар да мәселені шеше алмай отыр. Ол Қытаймен, Орталық үкіметпен ғана байланысты емес. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен де байланысты. Отандық өндірушінің көбі шығынға ұшырады.

Келісімшарт жасалды, кейбір келісімшарт бойынша алдын ала қаржы берілді. Өнім бар. Бірақ оны жөнелту мүмкін емес. Бұл ет комбинаттары жұмысының тоқтап қалуына әкеледі", - деді Мақсұт Бақтыбаев.

Бұған дейін Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну 2021 жылы бес пайыздан аса азайып кеткені хабарланған болатын. Ет өнімдерін ең аз тұтынған Шымкент қаласының тұрғындары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети