22 маусым 2021 11:43

Қазақстандықтар етті аз сатып ала бастады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қазақстанда бір жылда ет және ет өнімдерін тұтыну 5 пайызға төмендеген. Етті ең аз сатып алған өңір - Шымкент, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда бір жылда ет және ет өнімдерін тұтыну 5 пайызға төмендеген. Етті ең аз сатып алған өңір - Шымкент, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы алғашқы тоқсанның қорытындысына сәйкес, ет және ет өнімдерін пайдалану жан басына есептегенде 19,8 келіге қысқарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға аз.

Ет өнімдерін Павлодар облысы тұрғындары көп тұтынған - 24 келі (1,9 пайызға артық). Ең азы - шымкенттіктер, 14,6 пайыз, бір жылда 1,7 пайыз қосылған.

Биыл ет және ет өнімдерін пайдалану 17 аймақтың 10-да айтарлықтай азайған. Төменгі көрсеткіш Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі: 12,5 пайызға, 20,3 және 17,3 келіге азайған. Ақмола облысында ет өнімдерін тұтыну 11,7 пайызға, 21,3 келіге, Нұр-Сұлтанда 11,5 пайыз, 17,5 келіге қысқарған. Ал Қостанай облысында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда көтерілген. Жан басына шаққанда 10 пайызға, 20,5 келіге дейін өскен.

2020 жылы әр қазақстандық бір айда орта есеппен 7 келі ет және ет өнімдерін сатып алған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға, 2015 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға, 2010 жылмен салыстырғанда 58,4 пайызға артық. Ет және ет өнімдерін пайдалану соңғы 20 жылда 3,7 келіден 7 келіге өскен.

Биыл ет өнімдерінің барлық түрін сатып алу көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Сиыр етін тұтыну 1,9 пайызға, 6 келіге, қой еті 3,9 пайыз, 1,1 келіге, жылқы еті 5,4 пайыз, 1,8 келіге, шошқа еті 5,9 пайыз, 824 грамға төмендеген.

2021 жылдың алғашқы тоқсанында ет және ет өнімдерін тұтыну үлесі барлық тұтыну тауарларының 17,9 пайызына тең.

2021 жылдың мамырындағы көрсеткіштерге сәйкес, ет және ет өнімдерінің бағасы бір жылда 6,8 пайызға, бір айда 0,9 пайызға өскен.

Дүкен сөрелерінде қой етінің бір келісі 2,2 мың теңгеге сатылып жатыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,6 пайызға көп. Жылқы етінің бір келісі 7,2 пайызға, 2,4 мың теңге, шошқа еті 6,5 пайызға, 1,7 мың теңге, сиыр еті 6,4 пайыз, 2,1 мың теңге, тауық еті 4,1 пайыз, 965 теңгеге қымбаттаған.

Ет өнімдерінің ішінде жартылай сүрленген шұжықтың бір келісінің бағасы 8,7 пайызға, 2,4 мың теңгеге, пісірілгені 6,8 пайыз, 2,1 мың теңгеге өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети