Қазақстандық форма киген алаяқты видеоға түсіріп алған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған

Полиция мен банк қызметкері қарағандылық тұрғынның 3 миллион теңгесін интернет-алаяқтардан сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полиция мен банк қызметкері қарағандылық тұрғынның 3 миллион теңгесін интернет-алаяқтардан сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

60 жастағы Қарағанды тұрғыны 3 миллион теңге ақшасын интернет-алаяқтардан аман сақтап қалғаны үшін полиция мен банк қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Әйел қазіргі уақытта белең алған интертен-алаяқтық туралы жақсы біледі, алайда қала тұрғыны олардың құрығына түсемін деп мүлдем ойламаған.

"Маған WhatsApp желісінде мекеме басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қызметкерлеріміздің есепшотын тексеріп жатыр деген хабарлама келді. Арада он бес минут өткен соң телефоныма белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, менің есеп-шотым арқылы есірткі қылмысынан түскен ақша өтіп жатқанын айтты. Ол менің жеке сәйкестендіру нөмірімді ешкімге бермеу туралы сұрады.

Осыдан кейін маған басқа бір адам қоңырау соғып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, менің атыма сегіз несие рәсімделгенін айтты. Сөйтіп ол маған басқа банктен несие алып, жиналған қарызды жабуға кеңес берді. Алайда бірінші және екінші рет қоңырау соққан адамдар менің жасап жатқан әрекетімді ешкімге айтпауға кеңес берді. Осыдан кейін олар телефон арқылы менің әрбір басқан қадамым бойынша нұсқау беріп отырды.

Мен қаладағы банктердің біріне барып, 3 миллион теңге несие рәсімдеп, оны қолма қол ақшамен алып кеттім. Содан кейін олар басқа банкке барып, маған WhatsApp желісіне жіберілген есеп-шотқа алдында алған ақшаны жіберуді талап етті. Сол жерге барғанда банк операторының жіберілген есеп-шоттың шетелде тіркелгенін айтқаннан кейін менде күдік туды. Сол кезде маған банктің бөлім бастығы келіп болып жатқан жағдайды айтуын сұрап, мен барлық әрекетімді айтып бердім. Кейін ол полиция қызметкерлерін шақырды", – деді әйел.

Банкке келген облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасына қарасты киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын зерделеген соң, азаматшаның банктен алған несиесін және есеп-шоттарын қайтадан жапқызып, қала тұрғынын алаяқтардың арбауынан аман алып қалды.

Қарағанды облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан банк немесе құқық қорғау органынан деп белгісіз адамдар қоңырау шалса, бірден телефон тұтқасын қойып, полицияға хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 507  course up  572.27  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer