Үндістан емханасында өсекмендік 16 жастағы Тимофей Веревкин сүйек кемігін ауыстырғаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы павлодардық қайырымдылық қорының өкілі Лариса Андреева айтып берді.
Үндістан емханасында өсекмендік 16 жастағы Тимофей Веревкин сүйек кемігін ауыстырғаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы павлодардық қайырымдылық қорының өкілі Лариса Андреева айтып берді.
Оның айтуынша, жеткіншек өзі емделген Гургаон қаласындағы Fortis ауруханасында қайтыс болған. "Тимофейдің сүйек кемігі ауыстырылды. Нәтижесі басында жақсы болған. Дегенмен операция жасалғаннан кейін екі аптадан соң оның денсаулығы күрт нашарлады. Тимофейдің бүйрегі істен шығып, нәтижесінде ол қайтыс болды", - деді Андреева. Жеткіншек емделген Үндістан ауруханасының дәрігерлері оны соңғы сапарға шығарып салды. "Тиманы құтқару үшін дәрігерлер қолдан келгенді істеді", - деді қоғамдық қордың өкілі.
Еске сала кетейік, 14 жасар бала 2012 жылдың ақпанында ауырған еді. Алматы емханасындағы дәрігерлер оған дұрыс диагноз қоймаған, салдарынан алған емдердің ешқайсысы нәтиже бермеген. Кейіннен баланы Астананың Ана мен бала орталығына жібереді. Алайда дәрігерлердің жұмсаған барлық күш-жігері нәтиже бермейді. Ақыры қайырымдылық қоры арқылы қазақстандықтардан ақша жинауға мүмкіндік алған ана мен бала үнді емханасына жол тартқан еді.
2014 жылдың наурызында Үндістанның дәрігерлері 14 жасар қазақстандықты емханаға қарызы болғандықтан жібермей отырғаны хабарланған болатын. Мәселені шешуге Үндістандағы Қазақстан елшілігі көмектесті. Демеушілердің арқасында 8 мың доллар жиналды. Кейін бала ауруханадан шығарылып, емін жалғастырған болатын.