14 наурыз 2014 22:10

Үнді дәрігерлері 14 жасар қазақстандықты қарызы үшін ауруханадан босатпай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимофей Веревкин. Фото әлеуметтік желіден алынды. Тимофей Веревкин. Фото әлеуметтік желіден алынды.

Үндістанның дәрігерлері 14 жасар қазақстандықты емханаға қарызы болғандықтан жібермей отыр, - деп хабарлайды Павлодардағы қайырымдылық қоры өкілі Лариса Андрееваға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Үндістанның Гургаон қаласындағы Fortis госпиталында алған емі үшін Тимофей Веревкин 12 мың доллар қарыз болған. "Бала апластикалық анемияға шалдыққан және сүйектері де қақсап, қатты ауырады. Ол алған химия терапия курсы ауыр боп, бала реанимацияға түскен, ол онда 15 күн болды. Қазір оны жеке палатаға ауыстырды. Реанимацияға түскені үшін ем қабылдауға төленген сома жеткіліксіз боп шықты. Бүгінгі қарызы 12 мың долларға жеткен және әр күн сайын оған 750 доллар қосылып жатыр. Тимофейдің шешесіне дәрігерлер қарызды өтегенде ғана баланы босатамыз деп ескерткен" - дейді Андреева. Оның айтуынша, Виктория Казачкова ұлын өзі жалғыз асырап отыр, ал айтылған қомақты сома отбасында жоқ. "Тимофейдің шешесі үнді дәрілерлеріне қатты разы, олар баланы мүгедек арбасынан аяғына тік тұрғызған. Егер ем сәтті болса, олардың жұлын майы трансплантациясына жүгінбеулеріне де болады. Бірақ емханаға төлейтін отбасының ақшасы жоқ. Біз әлеуметтік желі арқылы көмек үшін қаражат жинау туралы жан-жаққа хабарлама жібердік. Мен өзім Павлодардың өнеркәсіп басшыларына хат жолдадым, уақыт күттірмейді, қарыз күн сайын өсіп жатыр" - дейді Андреева. 14 жасар бала 2012 жылдың ақпанында ауырған. Алматы емханасындағы дәрігерлер оған дұрыс диагноз қоймаған, салдарынан алған емдердің ешқайсысы нәтиже бермеген. Кейіннен баланы Астананың Ана мен бала орталығына жібереді. Алайда дәрігерлердің жұмсаған барлық күш-жігері нәтиже бермейді. Ақыры қайырымдылық қоры арқылы қазақстандықтардан ақша жинауға мүмкіндік алған ана мен бала үнді емханасына жол тартқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети