Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық жемқорлардан тәркіленген мүліктердің тізімі жарияланды

28 Шілде 2016, 16:16
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада қазақстандық жемқорлардан тәркіленген мүліктердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәркіленген мүліктер туралы мәлімет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының алқасында айтылды. Ұлттық бюроның басшысы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, ведомствоның негізгі міндеттері -мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы жемқорлыққа жол бермей, лауазымды тұлғалардың шағын және орта бизнеске заңсыз қатысуына жол бермеу.

"Бюджеттік қаражатты жымқыру мен пара алу деректері көбейген. Сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны көбейген. Олардың ішінде "Астана-ЭКСПО-2017" АҚ бұрынғы басшысы, Ұлттық экономика министрлігінің көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы, ІІМ департаментінің басшысы, Астана қалалық Әділет департаментінің басшылары, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар, Астана қалалық нотариалдық палатаның өкілі, Жамбыл облысының ҚАЖД басшысы, Маңғыстау департаментінің табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы мен оның орынбасары", - деп келтірді мәліметтерді Қайрат Қожамжаров.

Сонымен қатар, алқа отырысында жарты жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілердің жемқорлардан 13 миллиард теңге көлеміндегі мүліктерін тәркілегені айтылды. "Тәркіленген мүліктердің ішінде 700 дана автокөлік, 170 жылжымайтын мүлік, 50-ден аса жер учаскесі бар. Сондай-ақ, жемқорлардан төрт миллиард теңгеге жуық ақша алынды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, барлық тәркіленген мүлік мемлекеттік табыс органдарына өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай