Қазақстандық жігіт NASA байқауында жеңіске жетті

04 Қаңтар, 12:01
0
Қазақстандық жігіт NASA байқауында жеңіске жетті - Видеодан алынған кадр © "Хабар24"
Видеодан алынған кадр © "Хабар24"

Қазақстандық дизайнер Арсен Сексенбаевтың эскизі NASA байқауында жеңіске жетті. Қазақстандық жігітке келісімшартқа отыруға ұсыныс жіберіліп, оны АҚШ-қа жұмысқа шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қазір Арсен Сексенбаевты достары мен таныстары құттықтап жатыр. Ол жеңісі жайлы жақындарынан біліпті. Енді дизайнер алдын ала жасалған келісімшарттың шарттарымен танысып жатыр.

"Шартта көрсетілген талаптардың бірі бойынша мен АҚШ-қа өзім көшіп барамын. Отбасымды ешкім шақырмайды. Бұл үш жылға жасалған келісімшарттық жұмыс болады", - дейді Сексенбаев.

Айта кетейік, NASA байқауына әлемнен барлығы 100-ден аса адам қатысты. Байқау талаптары бойынша, авторлар эскиздерінде барынша аз заттар қолданып, шығармашылық фантазияларын көрсетуі керек болатын. Кейінірек ол жұмыстарды онлайн қорғап, комиссия жеңімпазды анықтауы тиіс еді. Үш жеңімпаз анықталды - Англиядан келген Хью Тернер, ойындарға анимациялар ойлап табатын қытайлық Ли Хон Вы мен біздің отандасымыз Арсен Сексенбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????????????????????????????? ???????????????????? (@seksenbaev.designer)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай