Қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне қанша қарыз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қанша қарыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қанша қарыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 190 кәсіпорны 11,2 мың жұмыскерге 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 182 ұйғарым берілді және 26,7 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 9,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 миллиард теңге төленді", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 549 тексеру жүргізген, оның барысында 5 607 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • еңбек саласында – 4 067;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 485;
  • халықты жұмыспен қамту бойынша – 55.

Жұмыс берушілерге 2 147 ұйғарым беріліп, 276,3 миллион теңге сомасына 2 628 әкімшілік айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 19,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer