08 ақпан 2021 14:23

Қазақстандық жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

2020 жылы қазақстандықтар жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ІІМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2020 жылы қазақстандықтар жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ІІМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, еліміз бойынша жол қозғалысы ережебұзушылықтарын тіркейтін 12,8 мың камера орнатылған. Камера көмегімен 2,6 миллион жол тәртібін бұзу дерегі анықталды.

"Мемлекет бюджетіне айыппұл түрінде 18 миллиард теңге түсті", - деді Саданов 2020 жылғы мәліметтерді жариялап.

Оның айтуынша, қазір жол қозғалысы ережелерін бұзудың үштен бір бөлігі камера көмегімен анықталады. Елордада бұл көрсеткіш 60 пайыз.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарды жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүруден босататын заң жобасы күшіне енеді. Жүргізушінің жанында тек жеке куәлігі болуы қажет.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі жоқ болса ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылатын. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети